Летние каникулы изменили привычный ритм, но не остановили работу Supernovas. Где-то тренировки продолжались все лето, где-то команды ненадолго уходили на каникулы, чтобы уже в августе снова выйти на поле.
За эти месяцы воспитанники наших секций сыграли в турнирах, представили свои регионы на соревнованиях, прошли отборы в футбольные центры и академии, а главное – получили новый игровой опыт. Рассказываем, каким это лето запомнилось в Шалкаре, Жанибеке, Текели, Кийке и Благовещенке.
Шалкар: серебро и первый шаг к мечте
Летом секция в Шалкаре продолжила тренировки без перерыва. К команде присоединились новые ребята, а самым младшим футболистам сегодня всего пять лет.
В июне команда Shalkar Supernovas (2013–2014 г.р.) стала серебряным призёром республиканского турнира Aviator CUP в Актобе.
Еще одним важным событием стало участие воспитанников Азамата Жансеита и Мансура Байдилдаева в отборе Atlético de Madrid, который проходил в Астане. Азамат успешно преодолел первый этап и вышел в финальный отбор в Алматы. Несмотря на то что пройти дальше не удалось, этот опыт стал для него важным шагом вперед.

Жанибек: больше матчей – больше опыта
В Жанибеке лето прошло в привычном тренировочном ритме.
Шесть воспитанников Supernovas приняли участие в чемпионате Республики Казахстан по мини-футболу 6×6, выступая за команды «Атланта» из Уральска и Казталовки.
Еще несколько ребят получили приглашения в футбольный клуб «Жайық» и футзальный клуб «Бәйтерек». Новые команды, новые соперники и новые задачи помогают детям постепенно выходить на следующий уровень.
Текели: лето больших возможностей

Для воспитанников секции из Текели это лето стало особенно насыщенным.
В июне 30 футболистов приняли участие в областном турнире J-League «Былғары доп» в Талдыкоргане. В июле команды двух возрастов выступили в чемпионате области Жетісу, а в августе еще 20 ребят сыграли товарищеские матчи против сверстников из ФК «Конаев».
Несколько воспитанников сделали следующий шаг в спортивном развитии. Четверо прошли отбор в профессиональный футбольный центр «Жетісу», еще трое — в талдыкорганский филиал Академии футбольного клуба «Кайрат». Позже воспитанники академии стали победителями турнира среди филиалов клуба в Алматы.
Еще один игрок прошел отбор в областную специализированную спортивную школу и уже выступает на республиканских и областных соревнованиях.
Особенной новостью стал вызов Марии Борисовской и Маргариты Малеевой в сборную Казахстана среди девочек 2013 года рождения. Вместе с командой они приняли участие в турнире «Балдаурен» в Шымкенте.

Кийк: новые вызовы и новые цели



Команда Supernovas под руководством тренера Бекжана Совета стала серебряным призером летней лиги Freedom BFL среди детей 2012 года рождения.
Лето также принесло сразу несколько возможностей для отбора в профессиональные клубы и академии. Трое воспитанников 2013 года рождения приняли участие в просмотре футбольного клуба «Шахтёр», один игрок 2014 года рождения — в отборе Atlético de Madrid, а еще трое ребят 2016 года рождения проходят просмотр в футбольную академию в Астане.
В матчах летней лиги вместе с мальчиками выступали и семь воспитанниц KIIK Supernovas. Девочки не только получили игровую практику, но и помогли команде результативными действиями.
Благовещенка: опыт, который объединяет поколения
После июньских тренировок команда ненадолго ушла на летние каникулы и вернулась к занятиям в августе.
В начале лета воспитанники 2014 года рождения стали серебряными призерами открытого районного турнира.
Еще одной важной частью сезона стало участие старших воспитанников 2011–2012 годов рождения в районных соревнованиях среди взрослых команд. Такие матчи помогают ребятам быстрее адаптироваться к более высокому уровню игры, перенимать опыт старших футболистов и продолжать развиваться внутри системы Supernovas.

Лето закончилось, но работа продолжается.
За каждой медалью, победой или приглашением в академию стоят десятки обычных тренировок, поддержка тренеров и желание детей становиться сильнее. Именно из таких шагов складывается путь каждого футболиста.
Для Supernovas это лето стало еще одним подтверждением того, что даже небольшие секции в маленьких городах могут открывать детям большие возможности.
Жазғы демалыс күнделікті ырғақты өзгертті, бірақ Supernovas жұмысын тоқтатқан жоқ. Кейбір секцияларда жаттығулар жаз бойы жалғасса, кейбірі қысқа үзілістен кейін тамыз айында қайтадан алаңға оралды.
Осы айларда біздің тәрбиеленушілер турнирлерге қатысып, өз өңірлерінің намысын қорғады, футбол академиялары мен орталықтарының іріктеулерінен өтті, ең бастысы – жаңа тәжірибе жинады. Бұл жаз Шалқар, Жәнібек, Текелі, Киік және Благовещенкадағы балалар үшін несімен есте қалғанын бірге еске түсірейік.
Шалқар: күміс медаль және арманға бастар алғашқы қадам
Шалқардағы секция жаз бойы жаттығуын тоқтатпады. Командаға жаңа балалар қосылды, ал ең кішкентай ойыншылардың жасы бүгінде небәрі бес жаста.
Маусым айында Shalkar Supernovas командасы (2013–2014 ж.т.) Ақтөбеде өткен республикалық Aviator CUP турнирінде күміс жүлдеге ие болды.
Жаздың маңызды сәттерінің бірі – Азамат Жансейіт пен Мансұр Байдилдаевтың Астанада өткен Atlético de Madrid академиясының іріктеуіне қатысуы. Азамат алғашқы кезеңнен сәтті өтіп, Алматыдағы финалдық іріктеуге жолдама алды. Бұл жолы келесі кезеңге өте алмаса да, ол үшін бұл тәжірибе алға жасалған маңызды қадам болды.

Жәнібек: матч көп болса – тәжірибе де көп
Жәнібекте жазғы жаттығулар әдеттегі қарқынмен өтті.
Supernovas-тың алты тәрбиеленушісі Қазақстан Республикасының 6×6 шағын футбол чемпионатына қатысып, Орал мен Казталовка қалаларының «Атланта» командалары сапында өнер көрсетті.
Тағы бірнеше ойыншы «Жайық» футбол клубы мен «Бәйтерек» футзал клубынан шақырту алды. Жаңа командалар, жаңа қарсыластар және жаңа міндеттер балалардың біртіндеп келесі деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді.
Текелі: үлкен мүмкіндіктерге толы жаз

Маусым айында 30 футболшы Талдықорғанда өткен облыстық J-League «Былғары доп» турниріне қатысты. Шілдеде екі жас санатындағы командалар Жетісу облысының чемпионатында өнер көрсетті. Ал тамызда тағы 20 бала «Қонаев» футбол клубының құрдастарымен жолдастық кездесулер өткізді.
Бірнеше тәрбиеленуші спорттағы келесі кезеңге өтті. Төртеуі «Жетісу» кәсіби футбол орталығына қабылданды, тағы үшеуі «Қайрат» футбол клубы академиясының Талдықорған филиалына іріктеуден өтті. Кейін олар Алматыда өткен клуб филиалдарының турнирінде жеңімпаз атанды.
Тағы бір ойыншы облыстық мамандандырылған спорт мектебіне қабылданып, бүгінде республикалық және облыстық жарыстарда өнер көрсетіп жүр.
Жаздың ерекше жаңалығының бірі – Мария Борисовская мен Маргарита Малееваның 2013 жылы туған қыздар арасындағы Қазақстан құрамасына шақырту алуы. Олар командамен бірге Шымкентте өткен «Балдәурен» турниріне қатысты.

Киік: жаңа белестер мен жаңа мақсаттар



Бекжан Совет жетекшілік ететін Supernovas командасы 2012 жылы туған балалар арасындағы Freedom BFL жазғы лигасының күміс жүлдегері атанды.
Бұл жаз кәсіби клубтар мен академияларға іріктеуден өтуге де жаңа мүмкіндіктер сыйлады. 2013 жылы туған үш тәрбиеленуші «Шахтер» футбол клубының қаралымына қатысты. 2014 жылғы бір ойыншы Atlético de Madrid академиясының іріктеуінен өтті. Ал 2016 жылы туған тағы үш бала Астанадағы футбол академиясында қаралымнан өтуде.
Жазғы лигада ұлдармен бірге KIIK Supernovas командасының жеті тәрбиеленуші қызы да өнер көрсетті. Олар ойын тәжірибесін жинап қана қоймай, нәтижелі ойынымен командаға үлес қосты.
Благовещенка: ұрпақтарды байланыстыратын тәжірибе
Маусымдағы жаттығулардан кейін команда қысқа жазғы демалысқа шығып, тамыз айында қайтадан жаттығуын бастады.
Жаздың басында 2014 жылы туған тәрбиеленушілер ашық аудандық турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Маусымның тағы бір маңызды бөлігі – 2011–2012 жылы туған аға тәрбиеленушілердің ересектер командалары арасындағы аудандық жарыстарға қатысуы болды. Мұндай кездесулер балаларға жоғары деңгейдегі ойынға тезірек бейімделуге, тәжірибелі футболшылардан үйренуге және Supernovas жүйесінде әрі қарай дамуға мүмкіндік береді.

Жаз аяқталды, бірақ жұмыс жалғасуда
Әрбір медальдың, жеңістің немесе футбол академиясына шақыртудың артында күнделікті жаттығу, жаттықтырушылардың қолдауы және балалардың алға ұмтылысы жатыр. Нағыз футболшының жолы дәл осындай қадамдардан басталады.
Supernovas үшін бұл жаз тағы бір маңызды шындықты дәлелдеді: шағын қала мен ауылдағы секциялар да балаларға үлкен мүмкіндік аша алады.