2 секции • 2 призовых места • 4 индивидуальные награды
Воспитанники Supernovas из Жанибека и Текели представили свои регионы в финалах Национальной школьной лиги «Былғары доп» в Астане. Для многих ребят это стали первые соревнования республиканского уровня — возможность сыграть с сильнейшими школьными командами страны, получить новый опыт и сделать ещё один шаг в своём футбольном развитии.



Медали и индивидуальные награды для Жанибека
Команда средней школы имени Тайыра Жарокова из Западно-Казахстанской области заняла третье место в финале Национальной школьной лиги среди учащихся 7–8 классов. В турнире приняли участие 17 сильнейших школьных команд страны.
Воспитанник секции Supernovas Алихан Тұяқ был признан лучшим защитником соревнований, а тренер Дастан Абдрешев — лучшим тренером турнира.
Далее, в июне, воспитанники секции вошли в состав сборной Западно-Казахстанской области среди учащихся 5–6 классов, которая завоевала серебряные медали республиканского финала.
По итогам турнира воспитанник Supernovas Рустам Истамгазиев был признан лучшим вратарём, а тренер секции Аманжол Есенов получил награду лучшего главного тренера соревнований.

Текели представил область Жетісу
В финале Национальной школьной лиги среди учащихся 5–6 классов выступили и воспитанники секции Supernovas из Текели.
Под руководством тренера Сержана Тельтаева ребята представляли область Жетісу сразу в двух турнирах — среди мальчиков и среди девочек.
Для многих участников это стало первым опытом выступления на соревнованиях такого уровня и возможностью проверить свои силы в матчах с лучшими школьными командами Казахстана.
«Для нас особенно важно, что дети из небольших городов и сёл получают возможность представлять свои регионы на национальном уровне, соревноваться с сильнейшими командами страны и видеть, какие возможности открывает футбол.» — Ескендіров Тоқтар, руководитель проекта
Участие в республиканских финалах стало результатом регулярных тренировок, работы тренеров и стремления самих ребят развиваться. Именно такие соревнования помогают детям поверить в себя, получить новый опыт и сделать следующий шаг в футболе.
2 секция • 2 жүлделі орын • 4 жеке марапат
Supernovas-тың Жәнібек пен Текелідегі секцияларының тәрбиеленушілері Астанада өткен «Былғары доп» Ұлттық мектеп лигасының республикалық финалында өз өңірлерінің намысын қорғады. Көптеген балалар үшін бұл республикалық деңгейдегі алғашқы жарыс болды. Олар елдің үздік мектеп командаларымен ойнап, жаңа тәжірибе жинап, футболдағы келесі қадамдарын жасады.



Жәнібек командасының жетістіктері
Батыс Қазақстан облысындағы Тайыр Жароков атындағы орта мектептің командасы 7–8 сынып оқушылары арасындағы Ұлттық мектеп лигасының республикалық финалында үшінші орынға ие болды. Турнирге еліміздің 17 үздік мектеп командасы қатысты.
Supernovas тәрбиеленушісі Алихан Тұяқ турнирдің үздік қорғаушысы атанса, жаттықтырушы Дастан Әбдрешев үздік жаттықтырушы атағына ие болды.
Бұған дейін, маусым айында, Жәнібек секциясының тәрбиеленушілері 5–6 сынып оқушылары арасындағы Батыс Қазақстан облысының құрамасында өнер көрсетіп, республикалық финалда күміс жүлдеге қол жеткізді.
Турнир қорытындысы бойынша Supernovas тәрбиеленушісі Рүстам Истамғазиев үздік қақпашы деп танылды, ал жаттықтырушы Аманжол Есенов үздік бас жаттықтырушы атанды.

Текелі Жетісу облысының намысын қорғады
5–6 сынып оқушылары арасындағы республикалық финалда Текелідегі Supernovas секциясының тәрбиеленушілері де өнер көрсетті.
Жаттықтырушы Сержан Телтаевтың жетекшілігімен команда Жетісу облысының атынан ұлдар және қыздар турнирлеріне қатысты.
Көптеген ойыншылар үшін бұл республикалық деңгейдегі алғашқы жарыс болды. Олар өз күштерін елдің үздік мектеп командаларына қарсы сынап, құнды тәжірибе жинады.
«Біз үшін шағын қалалар мен ауылдардың балалары өз өңірлерін республикалық деңгейде таныстырып, еліміздің үздік командаларымен бәсекеге түсіп, футболдың қандай мүмкіндіктер ашатынын өз көздерімен көргені өте маңызды.»
Республикалық финалға қатысу — балалардың тұрақты жаттығуларының, жаттықтырушылардың еңбегінің және өздерінің дамуға деген ұмтылысының нәтижесі. Осындай жарыстар балаларға өз күшіне сенуге, жаңа тәжірибе жинауға және футболдағы келесі қадамдарын жасауға көмектеседі.